Пайдалы мақалалар

Шетелде оқудың Артықшылықтары мен Кемшіліктері

Шетелге оқудың артықшылықтары мен кешіліктері

Шетелде білім алу жаңа мүмкіндіктер әлеміне жол ашады. Бірақ әр нәрсенің жақсы да жаман да жерлері болуы мүмкін. Сол себептен бүгін шетелде оқудың артықшылығы мен кемшілігін қарастырайық.

Шетелде оқудың артықшылықтары, плюстары:

Шетелдік университтетің дипломы сіздің маман ретінде маркетте орныңыз жоғарлайды. Сонда компаниялар сіздің дипломыңызды көріп сізді жұмысқа алып және көбірек жалақы беруі мүмкін.

Шетелдегі компанияларда жұмыс немесе стажировка жасай аласыз. Көп кездерде шетелде оқитын студенттер сол елде стажировка немесе оқу біткен соң жұмыс жасауға виза алады. Шетелде компаниялар Қазақстаннан жоғарырақ жалақы төлеуі мүмкін және сіз көптеген жаға нәрселер үйренесіздер.

Сіз кеңірек ойлауды үйренесіз. Жаңа мәдениетке ену арқылы сіз жаңа тілге, жаңа көзқарастарға, шетелдік тағамдарға және өміріңізді өзгертетін тәжірибелерге тап боласыз. Мұның бәрі сіздің әлемге көзқарасыңызды және ондағы рөліңізді өзгертеді. Сіз басқа адамдарға және басқа елдерге толеранттылығыңыз артуы мүмкін.

Жаңа тіл үйренуіңіз тезірек болады. Тілді үйрену үшін сол тілде сөйлейтін ортада болу маңызды сондықтан сіз тіліңізді одан бетер дамытасыз.

Сабақтар сапалылығы және жаңа сабақтар. Шетелде сіз өз еліңізде ешқашан естімеген сабақтар тізімін оқуыңыз мүмкінсіз, мысалы Европада гендер сабақтары, вино сабақтары болуы мүмкін.

Шетелде саяхаттау сізге арзанырақ болады. Әсіресе Европаның бір елінде оқитын болсаңыз сізге Шенген визасы беріліп, Шенген одағындағы елдерді оңай және арзан аралай аласыз. Европада елдерді аралау бізде қалаларды аралаумен бірдей.

Шетелде оқудың жағымсыз жақтары немесе минустары:

Шетелде оқу көп кезде қымбат болып келеді. Мысалы, ұшаққа билеттер, пәтерге немесе жатақханаға ақша, тамақ және күнделікті қыдыру, виза құны, университеттің құны, медстраховка. Сондықтан грантпен түссеңіз универге, медстраховкаға, жатақханаға төлемейсіз және кей гранттар стипендия береді.


Үйді сағынуыңыз мүмкін. Әсіресе алысқа шетелге оқысаңыз мысалы АҚШта Қазақстанға жету үшін жиырма сағаттай кетуі мүмкін. Бірақ өз отандастарымызды тапсаңыз, үйдегі әдеттерді шетелге алып келсе болады. Мысалы мен шетелде манты, бауырсақ пісіріп достарымды күтемін.


Шетелде сіз өзіңізді жалғыз сезінуіңіз мүмкін. Әсіресе келген еліңіздін тілінде сөйлемесеңіз шеттен қарап тұрған сияқты боласыз, мәдениет пен ортамен араласудың орнына. Мысалы мен Парижда ағылшын тілінде оқыдым, француз тілін білмей бардым, француз достар жасай алмадым, француздардың мәдениетін соңына дейін түсінбегендеймін. Мажарстанда да ағылшынша оқыдым, мажарлардың тілі өмірдегі ең қиын тіл, оны түсіне алмадым, кішкене жалғызсырадым. Бірақ ағылшын білуімнің арқасында мен көптеген халықаралық достар жасадым.


Шетелде өзіңізге ие болып жүрмесеңіз қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, менің Париждың центрінде Парижға енді көшкен аптамда телефонымды ұрлап кетті. Телефоным, каспи картам бәрі ұрланып тек достарымның арқасында үйге жол тауып туыстарыммен каспи картамды жасатып алдым. Бірақ ұрлықтан басқа қауіпті жағдай болуы бірталай себебі дамыған мемлекеттер өте қауіпсіз болып келеді.
Расизммен бетпе бет келуіңіз мүмкін. Кей кездерде ол жабық, сізге байқалмайтын расизм болуы мүмкін мысалы біреу сізді азиат екен деп жұмысқа алмау, не кафеде сервистар жақтырмай қарайды. Кейде өте сирек кездерде расизм ашық түрде болады, мысалы маған чингчангчунг деп келекеткен, нихао деп көзін қысып сығырайтқан, жай айғайлаған, түкірген кездер болған. Әр жағдайда мені көшедегі адамдар көмектесіп отырған.
2024-02-20 22:29